Ердоған-Зеленский бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді

Президент Режеп Тайып Ердоған Украина президенті Владимир Зеленскиймен Стамбулда ортақ баспасөз мәслихатын өткізді.

2113005
Ердоған-Зеленский бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияға ресми сапары аясында кеше келген Украина президенті Владимир Зеленскиймен Стамбулда ортақ баспасөз мәслихатын өткізді.

Президент Ердоған Украинадағы соғысқа қатысты «Ресейдің де қатысатын бейбітшілік саммитін өткізуге дайынбыз» деді.

Қаратеңіз астық дәлізіне тоқталған Ердоған жаңа келісімге келу үшін қажетті қолдауды беруге дайын екендіктерін білдірді.

Бейбітшілік орнату үшін 2022 жылы наурызда Стамбулда құрылған келіссөз үстелінен өтетін дипломатиялық қадамның басылмағанынана назар аударған президент Ердоған «Біз әу бастан келіссөздер негізінде соғысты тоқтатуға қолымыздан келгенше үлес қостық. Біз сондай-ақ Ресей қатысатын бейбітшілік саммитін өткізуге дайынбыз. Қаратеңіздің тұрақтылығына қатысты мәселелер бойынша да пікір алмастық. Өздеріңіз білетіндей, Қаратеңіз бастамасы 33 миллион тоннаға жуық астықтың мұқтаждарға жетуіне мүмкіндік беру арқылы жаһандық азық-түлік дағдарысының алдын алды. Тараптар арасында жаңа келісімге келу үшін ниет білдірілсе, біз бұрынғыдай қолдан келген қолдауды көрсетуге дайынбыз» деді.

Зеленский кездесуде сөйлеген сөзінде «Түркияның күш-жігерінің арқасында біз маңызды гуманитарлық нәтижелерге қол жеткіздік» деді. Зеленский президент Ердоған мен түрік халқына Украинаның егемендігі, тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығын қолдағаны үшін алғыс айтты.



Ұқсас жаңалықтар