7-ші кеме Мерсин халықаралық портынан Газаға жөнелтілді

2 мың 737 тонна гуманитарлық көмек материалдарын тасымалдаған 7-ші кеме Мерсин халықаралық портынан жөнелтілді.

2112434
7-ші кеме Мерсин халықаралық портынан Газаға жөнелтілді

Газаға жеткізілу үшін Түрік Қызыл жарты ай қоғамы жетекшілігімен дайындалған 2 мың 737 тонна гуманитарлық көмек материалдарын тасымалдаған 7-ші кеме Мерсин халықаралық портынан жөнелтілді.

Түрік Қызыл жарты ай қоғамы, Тәуелсіз Өнеркәсіпшілер және іскерлер қауымдастығы және басқа ұйымдармен бірлесіп берілген дайын тағамдар, су, ұн, киім-кешек, шатырлар, ұйықтайтын қаптар, көрпелер, баспана материалдары, медициналық және нәресте заттары «MARIN» атты кемеге тиелді.

Кеме Мерсин халықаралық портынан салтанатты түрде жөнелтілді.

Осы таңға дейін  дейін Түркиядан Газаға 12 ұшақ пен 6 кеме жіберілді.

Бүгін жөнелтілген кемеде ең көп көмек болды.

Көмек алдымен Мысырдың Эль-Ариш портына жөнелтіледі, одан кейін жүк көліктеріне тиеп Газаға жіберіледі.



Ұқсас жаңалықтар