Хакан Фидан бірқатар кездесу өткізді

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Ливан Сыртқы істер министрі Абдулла Бухабибпен кездесті.

2109366
Хакан Фидан бірқатар кездесу өткізді

Дипломатиялық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге қарағанда министр Хакан Фидан Ливан Сыртқы істер министрі Абдулла Бухабибпен кездесті.

Екі ел арасындағы қарым-қатынастар талқыланған кездесуде Газадағы соңғы оқиғалар жан-жақты бағаланып, ондағы жағдайдың аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығына тигізетін әсері сөз болды.

Фидан Ирак премьер-министрінің орынбасары және Сыртқы істер министрі Фуад Хусейнмен де кездесті.

Гамбия Сыртқы істер министрі Мамаду Тангарамен де кездескен Фидан Түркияның Африкадағы маңызды серіктестерінің бірі Гамбиямен әр салада екі жақты қарым-қатынастардың ілгерілеуіне риза екенін білдірді.

Екі ел әскери, экономикалық және мәдени қарым-қатынастарды дамытуға келісті.

Кездесуде екіжақты сауданы дамыту үшін басылуы мүмкін қадамдар мен Израильдің Газаға жасаған шабуылдарына байланысты Газадағы жағдай талқыланды.



Ұқсас жаңалықтар