БҰҰ Палестина тұрақты өкілі Израильді қасақана адам өлтірумен айыптады

.БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жабық отырысы Нью-Йоркте өтті.

2109783
БҰҰ Палестина тұрақты өкілі Израильді қасақана адам өлтірумен айыптады

Палестинаның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы (БҰҰ) тұрақты өкілі Рияд Мансур Израиль әскерлерінің Газа секторының солтүстігіндегі Наблусиде гуманитарлық көмек үшін кезекте күтіп тұрған палестиналықтарды «қасақана түрде нысанаға алып, өлтіргенін» мәлімдеді.

Мансур АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ штаб-пәтерінде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жабық отырысы алдында мәлімдеме жасады.

Палестинаның тұрақты өкілі Газаның солтүстігіндегі Наблуси қиылысында көмек алу үшін күтіп тұрған палестиналықтарды нысанаға алған Израиль әскерлерінің шабуылына қатысты «Егер адамдардың санасында сұрақ белгісі болса, бұл адамдарды тоқтату ​​үшін аспанға оқ атуға ұқсамайды. Ондаған адамды басынан әдейі атып жатыр. Қасақана нысанаға алып өлтіруде» деді.

Шабуылда қаза тапқан палестиналық бейбіт тұрғындар санының 112-ге жеткенін растаған Мансур Израиль әскерлері мен танктердің қасақана түрде шабуылы салдарынан 750-ден астам адамның да жарақат алғанын тілге тиек етті.

Мансур «Өздеріңіз білесіздер, бұл сұмдық қырғын Қауіпсіздік кеңесі сал болып, бұл жағдайдың вето қолданылғанша жалғаса беретінін және Палестина халқын қыратынын дәлелдеуде» деді.

Палестинаның Газа секторындағы Денсаулық сақтау министрлігі Израильдің Газа секторы қаласында Рашид көшесіндегі Наблуси қиылысында гуманитарлық көмек күтіп тұрғандарға жасаған шабуылында 112 адамның қаза тауып, 760 адамның жараланғанын хабарлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар