3-ші Анталия дипломатиялық форумы бүгін Анталияда басталады

Президент Режеп Тайып Ердоған форум аясында көшбасшылармен бос қосады.

2109533
3-ші Анталия дипломатиялық форумы бүгін Анталияда басталады

Президент Режеп Тайып Ердоғанның қамқорлығымен 3-ші Анталия дипломатиялық форумы бүгін Анталияда басталады.

Бұдан бұрын  G20 және НАТО саммиттері сияқты маңызды саммиттерде әлемдік көшбасшыларды қабылдаған қала Дипломатиялық форумды 3-ші рет өткізіп отыр.

Президент Режеп Тайып Ердоған форум аясында көшбасшылармен бос қосады. Сыртқы істер министрі Хакан Фидан 30-дан астам әріптесімен кездеседі.

147 елдің жоғары деңгейдегі өкілдері қатысатын форумның негізгі тақырыбы  «Дағдарыс кезінде дипломатияға көңіл бөлу» болмақ.

Таяу Шығыстан Азия-Тынық мұхиты аймағына, Африкадан Латын Америкасына дейінгі әртүрлі географияларға, сондай-ақ климаттың өзгеруінен терроризмге, азық-түлік қауіпсіздігінен ғарыштық дипломатияға дейінгі көптеген жаһандық мәселелер талқыланатын форумда Газа тақырыбы да күн тәртіпте болады.



Ұқсас жаңалықтар