Ердоған: "Түрік экономикасы 4,5 пайыз өсті"

Президент Ердоған сайлау науқаны аясында Айдында халыққа үн қатты.

2109282
Ердоған: "Түрік экономикасы 4,5 пайыз өсті"

Президент Режеп Тайып Ердоған түрік экономикасының 4,5 пайыз өсіп, өте маңызды бір табысқа қол жеткізгенін атап көрсетті.

Әділет және даму партиясының төрағасы Ердоған сайлау науқаны аясында Айдын қаласындағы митингінде халыққа үндеу жасады.

Баяндамасында 2023 жылы өсу көрсеткіштеріне тоқталған Президент Ердоған «Түркия экономикасы өткен жылы (орталығы 6 ақпан күні Кахраманмарашта) жер сілкінісі мен басқа да келеңсіздіктерге қарамастан 4,5 пайыз өсіп, өте маңызды бір табысқа қол жеткізді. /.../ Осылайша экономикамыз қатарынан 14 тоқсаннан бері өсі келеді» деді.

Түркияның осы мөлшермен Еуроодақ елдері арасында ең жылдам өсетін ел екенін атап көрсеткен Ердоған «Жалпы ішкі өніміміз 1 триллион 119 миллиард доллармен алғаш рет 1 триллион долларлық шектен асты» деді.



Ұқсас жаңалықтар