Куртулмуш Ислам әлемін береке-бірлікке шақырды

Нуман Куртулмуш мұсылман қоғамдары арасындағы ынтымақтастықты өзара бауырластық рухында дамытуға шақырды.

2108376
Куртулмуш Ислам әлемін береке-бірлікке шақырды

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Нуман Куртулмуш мұсылман қоғамдары арасындағы ынтымақтастықтың өзара бауырластық рухында дамуы керектігін айтты.

Куртулмуш Дін істері басқармасы төрағасы Али Ербаш мен Канада Дін ұйымы және Канаданың мұсылман ой-пікір көшбасшыларын Мәжілісте қабылдады.

Куртулмуш қабылдауда сөйлеген сөзінде Канадада 2,5 миллионға жуық мұсылман қауымының болуының өте маңызды екенін және әлемдегі мұсылман қауымдарының әр салада алға жылжуы үшін күресетіндерін айтты.

Куртулмуш Түркия ретінде Канада мұсылмандарына жан-жақты қолдау көрсететіндерін білдірді.

Әлемнің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан қиын үдерістен өтіп жатқанын түсіндірген Куртулмуш осы тұрғыда Ислам әлемі мен мұсылман қауымдарының бар болуын жаһандық құндылыққа айналдырудың уақыты келгенін айтты.

Исламның дүние жүзінде ең жылдам дамып, көбейіп келе жатқан дін болғаны қуантады деп атап көрсеткен Куртулмуш мұсылмандар сан жағынан осыншама көбейгенімен олардың ықпалының жеткіліксіз екенін айтты.

Куртулму «Ислам әлемі шашыраңқы, бытыраңқы және алауыз болғандықтан Израиль Палестина жерінде қырғынын жалғастыруда» деді.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Нуман Куртулмуш мұсылман қоғамдары арасындағы ынтымақтастықты өзара бауырластық рухында дамытуға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар