Вице-президент Ұлыбританияға барады

Йылмазға президенттің инвестициялық кеңсесінің басшысы Ахмет Бурак Далыоглу серік болады.

2107519
Вице-президент Ұлыбританияға барады

Бүгін вице-президент Джевдет Йылмаз инвесторлармен кездесу мақсатымен Ұлыбританияға іс-сапармен барады.

Сапардың алғашқы күні вице-президент Түркияның Ұлыбритариядағы елшісі Осман Корай Эрташпен кездеседі. Сонымен бірге Елшіліктің резиденциясында түркі бизнес әлемінің өкілдерімен кездесу жоспарланды.

Іс-шараның екінші күні вице-президент Йылмаз Ұлыбританияның премьер-министрі Оливер Доуденмен, Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) президенті Одиль Рено-Бассо және Кипр түрік қауымдастығының өкілдерімен жеке-жеке кездесу жасайды. Британдық өнеркәсіп конфедерация тарапынан ұйымдастырылған дөңгелек үстел жиналысына қатысады.

Сонымен қатар Ұлыбританиядағы Юнус Эмре институтының Түрік мәдени орталығында түрік қауымдастық өкілдерімен жолығады. Кездесудің басты мақсаты - Лондон қор биржасында инвесторлармен кездесіп Түркиядағы инвестициялық мүмкіндіктерін бағалау.

Бұл шарада Йылмазға президенттің инвестициялық кеңсесінің басшысы Ахмет Бурак Далыоглу серік болады.



Ұқсас жаңалықтар