"KAAN" әскери ұшағы Азия баспасөзінде

«KAAN» туралы жаңалықтар Азия елдерінде қатты назар аударуда.

2106976
"KAAN" әскери ұшағы Азия баспасөзінде

Түркияның отандық әскери ұшағы «KAAN»-ға шетел баспасөзінде үлкен қызығушылық бар.

«KAAN» туралы жаңалықтар Азия елдерінде қатты назар аударуда.

Әлеуметтік желі қолданушылары Түркияның 5-ші буын жойғыш ұшағын мақтан тұтты.

Жапонияның «ANN» ақпараттық агенттігінің әлеуметтік желісінде «KAAN» әскери ұшағы туралы жаңалықтарға жазылған пікірлер де назар аударды.

Желідегі жазбалар арасында «Түркия тәуелсіздік санасымен қозғалып, Ұлыбритания сияқты елдерден де асып түсе бастады», «Түркияны әлсіз емес, олар қайтадан көтерілуде» және «Түркияның технологиялық мүмкіндігі керемет» деген сөздер жызылған.

Қытай телеарналары да «KAAN»-ның алғаш ұшуын экрандарынан көрсетті.

Шанхай телеарнасы хабарында президент Режеп Тайып Ердоғанның «Түркия 5-ші буын әскери ұшақ шығаруда маңызды бір табалдырықтан аттады. Түрік аэроғарыш өнеркәсібі тарапынан жетілдіріліп шығарылған, екі реактивті қозғалтқышпен жабдықталған, әуе және құрлық шабуылы жасайтын қабілетке ие «KAAN» әскери ұшағы «F-16» әскери ұшақтарының орнын алатын болады» делінді.

Отандық жауынгерлік ұшағы «KAAN»-ның «F-16» әскери ұшағының орнын алуы және шетелге экспортталуы жоспарлануда.



Ұқсас жаңалықтар