ИЫҰ ақпарат министрлерінің кезектен тыс жиналысы өтеді

Израильдің Палестина жерінде журналистерге жасаған шабуылдары мен әлем жұртшылығына қарсы жалған ақпарат тарату әрекеттері талқыланады.

2106214
ИЫҰ ақпарат министрлерінің кезектен тыс жиналысы өтеді

24 ақпан күні Стамбулда  Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы ақпарат министрлерінің кезектен тыс жиналысы өтеді.

Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасы  жариялаған  мәлімдемеге қарағанда, басқарма ұйымдастырған жиналыста  Израильдің 7 қазаннан бері басып алған Палестина жерлерінде журналистерге жасаған шабуылдары мен әлем жұртшылығына қарсы жалған ақпарат тарату әрекеттері талқыланады.

Жиынға ИЫҰ-ға мүше елдердің ақпарат министрлері, байланыс және бұқаралық ақпарат құралдарына жауапты мекеме басшылары қатысты.  Отырыстың беташарын ИЫҰ ақпарат министрлерінің кезекті төрағалығы қызметін атқаратын Коммуникация басқармасы Фахреттин Алтун мен ИЫҰ Бас хатшысы Хусейн Ибрахим Таха жасайды.

Жиында Газада бейбіт тұрғындармен қатар 130 журналистің қазасына себеп болған Израиль үкіметінің шабуылдары мен әлем жұртшылығын жаңылыстыратын  жалған ақпарат пен дезинформация тарату әрекеттері жан-жақты талқыланады.

Жиынға қатысушы елдер қорытынды декларация жариялайды.

Бұл кездесу Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы тарихындағы салалық негізде өткізілген бірінші кезектен тыс отырыс болып табылады.

ИЫҰ Ақпарат министрлері жиналысының кезекті төрағалығы 2022 жылы Сауд Арабиясынан Түркияға  өткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар