«Foreign Affairs» журналы  Түркия жайлы талдау жасады

Мақалада «Ердоғанның Түркиясы әлемге Анадолы көзімен қарайды» делінген.

2106512
«Foreign Affairs» журналы  Түркия жайлы талдау жасады

Америка Құрама Штаттарында шығатын сыртқы саясат журналы «Foreign Affairs»  Түркия жайлы талдау жасады.

Журнал «Түркия Шығысқа қалай бұрылды: Ердоған және Анадолы сыртқы саясатының көтерілуі» атты мақала жариялады.

Сонер Чағаптай жазған мақалада Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның сыртқы саяси қадамдарымен тек батыста ғана емес, барлық бағытта белсенді саясат жүргізгені атап өтілді.

Мақалада «Ердоғанның Түркиясы әлемге Анадолы көзімен қарайды» делінген.

Сараптамада президент Ердоғанның Анадолы жорығын болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдыру үшін жұмыс істегені, Ердоған басшылығындағы Түркияның Африка, Кавказ және Балқан елдерінде өз күшін көрсеткені, сондай-ақ енді АҚШ-тың Түркияға бас игені жазылған.

Түркияның Ресей-Украина соғысында араағайындық рөл атқарғанын  және Оңтүстік Кавказда белсенді түрде жұмыс істегенін еске салған талдауда «Президент Ердоғанның келісім құрудағы рөлі оның өз еліндегі орасан зор ұстанымын нығайтады» делінген.



Ұқсас жаңалықтар