Фидан «Жаһандық басқару реформасы» сессиясында  сөз сөйледі

Министр Фидан халықаралық қаржы жүйесі шын мәнінде инклюзивті, ережеге негізделген, ашық және тұрақты болуы керек екенін білдірді.

2106275
Фидан «Жаһандық басқару реформасы» сессиясында  сөз сөйледі

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен G20 елдері Сыртқы істер министрлері жиналысында «Жаһандық басқару реформасы» сессиясында  сөз сөйледі.

Фидан көпполярлы жаңа әлемдік тәртіптегі геосаяси шиеленістерді еңсеру үшін күшті көпжақты ұйымдар мен ықпалды жаһандық басқару тетіктеріне  қажет екенін атап өтті.

Қажетті өзгерісті жүзеге асырудың маңызды екенін түсіндірген Фидан бұл үшін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің реформасына басымдық беру керектігін айтты.

Министр Фидан халықаралық қаржы жүйесі шын мәнінде инклюзивті, ережеге негізделген, ашық және тұрақты болуы керек екенін білдірді.

Хакан Фидан дамыған және дамуда болған елдер арасындағы алшақтықты жою үшін халықаралық қаржы ұйымдары мен көпжақты даму банктерілерінің ілгерілеу жолындағы   және  аз дамыған елдерге үйлесімді саясатты қабылдауы керек екеніне назар аударды. Фидан  әйтпесе Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу мүмкін еместігін білдіріп,  бұл тұрғыда G20 елдеріне  маңызды міндет жүктелгенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар