Президент Ердоған Денизлиде сөз сөйледі

Президент Ердоған «Каан»-ды 2028 жылдың соңында әуе күштеріне жеткізуді жоспарлағандарын айтты.

2106179
Президент Ердоған  Денизлиде  сөз сөйледі

Президент Режеп Тайып Ердоған отандық және ұлттық қаржымен өндірілген 5-ші буын соғыс ұшағын «Каан»-ды 2028 жылдың соңында әуе күштеріне жеткізуді жоспарлағандарын айтты.

Президент, Әділет және даму партиясы төрағасы Ердоған  Денизлиде ұйымдастырған митингіде сөз сөйледі.

Соңғы жылдары қорғаныс өнеркәсібінде үлкен жетістіктерге қол жеткізгендерін баса айтқан президент Ердоған «Көптеген кедергілерге, жасырын және ашық эмбарголарға қарамастан, біз осы салада өзімізді үнемі жетілдіреміз» деді.

Террормен күресте қолданатын қару-жарақтың көбін шетелден сатып алуға   нүкте қойғандарына назар аударған Ердоған «Енді біз өзімізге қажетті қару-жарақтың барлығын өз қаражатымызбен шығара аламыз. Сонымен дос және бауырлас елдерге де экспорттай аламыз» деді.

Ердоған 5-ші буын «Каан» жойғыш ұшағының алғашқы ұшуын сәтті орындағанын айттты.



Ұқсас жаңалықтар