Фидан АҚШ Мемлекеттік хатшысы Блинкенмен кездесті
Хакан Фидан Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен кездесті.
Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен Газа секторында тез арада түбегейлі түрде атысты тоқтату үшін жасалуы мүмкін қадамдарды талқылады.
Хакан Фидан Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында “Үлкен жиырмалық” (G20) елдері Сыртқы істер министрлері жиналысы аясында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен кездесті.
Кездесуде Газа секторында түбегейлі атысты тоқтатуды қамтамасыз ету үшін жасалуы мүмкін қадамдар талқыланды.
Ресей-Украина соғысы, НАТО-ның кеңею процесі, Әзербайжан-Армения бейбітшілік үдерісі және басқа да аймақтық оқиғалар талқыланған кездесуде алдағы уақытта жүзеге асырылатын жоғары деңгейдегі сапарлар күн тізбесі талқыланды.
Ұқсас жаңалықтар
Газада 35 мың 647 адам қаза тапты
Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандар саны 35 мың 647-ге артты.
Нуман Куртулмуш черкестердің қуғынға ұшырауына байланысты мәлімдеме жасады
Нуман Куртулмуш черкестердің қуғынға ұшырауының 160 жылдығына орай еске алу хабарлама жариялады.