Сомали Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығы келісімін бекітті

Сомали кабинеті Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығы саласында қол қойылған келісімді бекітті.

2105472
Сомали Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығы келісімін бекітті

Сомали Ақпарат министрі Дауд Авейс елінің Түркиямен қорғаныс саласындағы ынтымақтастық келісімі туралы өзінің «X» әлеуметтік желісіндегі аккаунтынан мәлімдеме жасады.

Екі ел арасындағы келісімнің өте маңызды қадам екеніне назар аударған Авейс «Министрлер кабинеті НАТО мүшесі және Сомалидің жақын одақтасы Түркиямен жасалған қорғаныс саласындағы ынтымақтастық келісімін бекітті. Маңызды ерекшелікке ие осы 10 жылдық келісім Сомали үкіметінің өз егемендігін қорғау жөніндегі күш-жігерін айтарлықтай күшейтеді» деді.

Түркия мен Сомали 8 ақпан күні қорғаныс және қауіпсіздік мәселелерін қамтитын "Қорғаныс және экономикалық ынтымақтастық келісіміне" қол қойған болатын.

Экономикалық және саяси шиеленісті бастан өткерген Сомалиде "Аш-Шабаб" террор ұйымы жылдар бойы қауіпсіздік мәселесі тудырып келеді.



Ұқсас жаңалықтар