Ердоған Түркия мен Албания арасындағы қарым-қатынасқа тоқталды

Ердоған «Түркия мен Албания Балқандағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың сақталуына үлес қосатын НАТО-ның екі одақтасы» деді.

2105117
Ердоған Түркия мен Албания арасындағы қарым-қатынасқа тоқталды

Президент Режеп Тайып Ердоған «Түркия мен Албания Балқандағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың сақталуына үлес қосқан НАТО-ның екі одақтасы. Албаниямен Балқандағы диалогымызды күшейтеміз» деді.

Президент Ердоған кеше бас қала Анкараға ресми сапармен келген Албания премьер-министрі Эди Рамамен бірге  Президенттік кешендегі «Түркия-Албания жоғары деңгейдегі ынтымақтастық кеңесінің бірінші отырысы» және екі ел арасындағы келісімдерге қол қою рәсімінен кейін ортақ баспасөз мәслихатын өткізді

Ердоған мұндағы сөйлеген сөзінде премьер-министр Рамамен аймақтағы және әлемдегі оқиғалар туралы пікір алмасқанын білдірді.

Ердоған «Түркия мен Албания Балқандағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың сақталуына үлес қосатын НАТО-ның екі одақтасы. Біз Албаниямен Балқандағы диалогымызды жандандырамыз» деді.

Албаниямен қорғаныс өнеркәсібі және әскери салада тығыз ынтымақтастықты тереңдету ниеттерін білдірген Ердоған қол қойылған Әскери шеңберлік келісімнің осы еріктің ең нақты көрінісі екенін айтты.

Ердоған Албанияның 2022-2023 жылдардағы Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіне уақытша мүшелік мерзімін сәтті аяқтауымен құттықтады.  

Қонақ премьер-министр   Эди Рама да  Израильдің Газа секторындағы шабуылдарына тоқталды.

Рама «(Газада) атысты тоқтатудың уақыты келді. Кепілге алынғандар босатылуы керек. Түркия  маңызды актер болып табылады. Ертеңгі күннің қауіпсіздігін сақтайтын бір актер. Әсіресе Газа мен Израиль тақырыбында» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар