Ердоған судьялар мен прокурорлардың жеребе тарту рәсімінде сөз сөйледі

Президент Ердоған Мәжілісте кең консенсус құрудың маңыздылығына тоқталды.

2105002
Ердоған судьялар мен прокурорлардың жеребе тарту рәсімінде сөз сөйледі

Ердоған Конституция бойынша әрқайсысының құзіреті әртүрлі жоғары сот мекемелері арасында қайшылық бар екенін түсіндірді.

Президент Режеп Тайып Ердоған ел астанасы Анкарада судьялар мен прокурорлардың жеребе тарту рәсімінде сөз сөйледі.

Конституция бойынша әрқайсысының құзіреті әртүрлі жоғары сот мекемелері арасында қайшылық бар екенін түсіндірген Ердоған бұл қайшылықтың шешілуі керектігін айтты.

Елдің жаңа Конституцияға мұқтаж екенін жиі айтқандарын еске салған Ердоған конституциялық өзгертуді қажет ететін мәселелерде Мәжілісте кең консенсус құрудың маңыздылығына тоқталды.

Жаңа конституция мүмкін болмаса да, сот жүйесіндегі мәселелерді шешетін конституциялық өзгеріс үшін ымыраға келетіндерін баяндаған  Ердоған «Республика тарихындағы ең маңызды реформаларды жүзеге асыруға қол жеткізген әкімшілік ретінде біз бұл мәселені шешуді қамтамасыз етеміз» деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған елдің қауіпсіздігін, әл-ауқатын және тыныштығын заңнама және сот органдары арқылы нығайту үшін жұмысты жалғастыратындарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар