Грекия Сыртқы істер министрімен кездесті

Фидан  Грекия Сыртқы істер министрі Йоргос Ерапетритиспен кездесті.

2103972
Грекия Сыртқы істер министрімен кездесті

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Германияда 60-шы Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қатысты.  Осында  Грекия Сыртқы істер министрі Йоргос Ерапетритиспен кездесті.

ТР Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Өнжү Кечели өзінің «X» аккаунтында жариялаған жазбасында Фидан мен Ерапетритис Мюнхен қауіпсіздік конференциясы аясында кездескенін білдірді.

Кездесуде екі жақты және аймақтық қарым-қатынастардың талқыланғанын атап көрсеткен Кечели 7 желтоқсан күні Афинада өткен 5-ші Жоғары деңгейдегі ынтымақтастық кеңесінде қол қойылған келісімдердің жалғасы, саяси диалог, оң күн тәртібі және қабылданатын қадамдарға назар аударылғанын білдірді. Оның айтуынша кездесуде сонымен бірге сенім шаралары аясындағы кездессөздер де талқыланды.

Кечели кездесуде Грекия премьер-министрі Кирякос Мицотакистің бас қала Анкараға сапарына дайындықтың да талқыланғанын білдірді.

Фидан кейін Түркияның Мюнхендегі Бас консулдығында үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесті.



Ұқсас жаңалықтар