"Түрік ұшағын сатып аламыз"

Украинаның Түркиядағы елшісі «Каан» 5-ші буын түрік әскери ұшағын сатып алуды жоспарлап отырғанын айтты.

2103448
"Түрік ұшағын сатып аламыз"

Украинаның Түркиядағы елшісі Васил Боднар елінің «Каан» 5-ші буын түрік әскери ұшағы қозғалтқышының дамуына үлес қосқанын және болашақта бұл ұшақтарды сатып алуды жоспарлап отырғанын айтты.

Боднар түрік телеарнасына жасаған мәлімдемесінде “Украина мамандары «Каан» түрік ұлттық әскери ұшағының қозғалтқышын жасау жобасымен айналысуда. Бұл жаңалық емес. Бізде қозғалтқышты жасау саласында бірнеше тәжірибелі компания бар” деді.

Украина елшісі Боднар түрік ұшағының АҚШ әзірлеген «F-35» және «F-22» ұшақтарымен бәсекелесетінін, Украинаның «Каан» ұшақтарын сатып алып, белсенді түрде қолдануды жоспарлағанын білдірді.

Түркияда 2017 жылы басталған Ұлттық жауынгерлік ұшақ бағдарламасы аясында «Каан» ұшағы әзірленіп, 2028 жылы жаппай өндіріске шығарылады деп жоспарлануда.

Түрік әкімшілігі «Каан» ұшағы кейбір ерекшеліктері бойынша F-35-тен де үздік екенін және болашақта Түрік Әуе күштеріндегі американдық «F-16»-лардың орнына келетінін айтып отыр.



Ұқсас жаңалықтар