Ердоған Түркияның болашағы жайлы мәлімдеме жасады

Ердоған басты мақсаттарының экономикадағы әл-ауқаттың нақты және тұрақты өсуін қамтамасыз ететін қуатты инфрақұрылым құру екенін түсіндірді.

2103467
Ердоған Түркияның болашағы жайлы мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған «Түркия ғасыры» жобасымен саясаттан экономикаға, технологиядан қорғанысқа дейін әр салада елді болашақ әлеміне дайындап жатқандарын айтты.

Ердоған жергілікті сайлау дайындықтары аясында Орду митингісінде сөз сөйледі.

«Еліміздің әрбір жағдайы  біздің күн тәртібіміз. Ұлтымыздың әрбір мәселесін шешу біздің міндетіміз» деген Ердоған жер сілкінісінен терроризмге дейінгі барлық тақырыпқа көңіл бөлгендерін  білдірді.

Ердоған «Сонымен қатар біз өзіміздің даму бағдарламаларымызды, инвестицияларымызды және халқымыз бен қалаларымыздың әрбір мәселесін мұқият қадағалаудамыз» деді. Ердоған жаһандық және аймақтық оқиғалардың әсерінен қиын кезеңді бастан өткеріп жатқанын атап көрсетті.

Ердоған осы маңызды кезеңде инвестиция, жұмыспен қамту және  өндіріске басымдық бергендерін айтты.

Ердоған басты мақсаттарының экономикадағы әл-ауқаттың нақты және тұрақты өсуін қамтамасыз ететін қуатты инфрақұрылым құру екенін түсіндірді.



Ұқсас жаңалықтар