Швеция Түркияға берген уәделерін орындайды

Тобиас Биллстрем АҚШ-тың Түркияға F-16 соғыс ұшағын сатуының НАТО одағын күшейтетін қадам екенін білдірді.

2102812
Швеция Түркияға берген уәделерін орындайды

Швеция Сыртқы істер министрі Тобиас Биллстрем террормен күресте Түркияға берген уәделерін орындайтындарын айтты.

Тобиас Биллстрем Анадолы агенттігіне (AA) мәлімдеме жасады.

Швеция министрі 2023 жылы 11-12 шілдеде Литваның астанасы Вильнюс қаласында өткен НАТО саммитінде жасалған келісім нәтижесінде Швецияның Түркиямен қауіпсіздік келісіміне қол қоюға келіскенін еске салды.

2022 жылы 28 және 30 маусымда Испанияның астанасы Мадридте өткен НАТО саммитінде Түркия, Швеция және Финляндия арасында құрылған тұрақты ортақ механизмге назар аударған Биллстрем Үш жақты меморандумдағы міндеттемелерді орындайтындарын айтты.

Швеция Сыртқы істер министрі терроризммен күресте жақын ынтымақтастықтың Түркия мен Швеция үшін болашақта жақсы болатынын білдірді.

Биллстрем АҚШ-тың Түркияға F-16 соғыс ұшағын сатуының НАТО одағын күшейтетін қадам екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар