Президент Ердоғаннан аймақтық Күрд одағына наразылық

Президент: «Аймақтық Күрд одағы (KYB) террорға қолдау береді».

2102821
Президент Ердоғаннан аймақтық Күрд одағына наразылық

Президент Режеп Тайып Ердоған ресми сапармен барған Біріккен Араб Әмірліктері мен Мысырдан оралғанда ұшақта күн тәртібіне байланысты журналистердің сұрақтарына жауап қайтарды.

Ирактағы PKK-ның бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға қолдауының жалғастырғанын атап «Сүлейманийенің бұл болымсыз көзқарасымен байланысты талай рет ескерткенбіз. «Біз мұнда жаңа және әртүрлі құрылымдарды көріп отырмыз, оларға жағдай жасамаңыз, әйтпесе жалғыз қаласыз» дедік. Әйтпесе, Сүлейманийе әрдайым қолымыздың астында, ол жер де жерлестеріміз бар» деді.

«Эрбиль әкімшілігімен терроризмге қарсы күрес тақырыбында бірге алған серпініміз оң бағытта қозғалуда. Бірақ Сүлейманийені, яғни KYB әкімшілігін, бірнеше рет ескертуімізге қарамастан өкінішке орай PKK/YPG/PYD террор ұйымына қолдауды жалғастыруда» деген Ердоған KYB-мен кездесуде бұл тақырыпты күн тәртібіне әкелгендерін және ескерту жасалғанын атап көрсетті.

Террорға қолдау берген KYB-ге наразылығын жалғастырған Ердоған «Ешкім бізден басқаша ұстаным күтпесін, қажетті наразылықты көрсетеміз. Бұл мәселені назардан тыс қалдыра алмаймыз. Біз қолымыздан келген қадамдарды басуға тырысамыз және бұдан кейін де жасаймыз. Біз көптеген мәселелерге шыдамдылықпен қарайтын шығармыз, бірақ мәселе біздің өмір салтымыз бен ұлттық қауіпсіздігіміз болған жағдайда, толеранттылық есігін жауып, қажет нәрсені жасаймыз. Мақсат бізге дұшпандық тудыру болса, оған да қабылдайтын шараларымыз бар. Қатаң қадамдар басудан тартынбаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар