"НАТО үшін Түркия - маңызды"

Столтенберг Түркияның альянстың оңтүстік қанатындағы маңызды рөліне тоқталды.

2102809
"НАТО үшін Түркия - маңызды"

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Түркияның альянстың оңтүстік қанатындағы маңызды рөліне тоқталды.

Йенс Столтенберг НАТО Қорғаныс министрлері жиналысы басталмастан журналистерге мәлімдеме жасады. Журналистер Столтенбергке «Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) бұрынғы президенті Дональд Трамптың НАТО-ның ұжымдық қорғанысын қарастыратын 5-бапты тек қорғанысқа жеткілікті қаражат жұмсайтын елдер үшін жүзеге асыру туралы ұсынысына Еуропалық одақтастар алаңдаулы. Олар «стратегиялық автономияға» ұмтылу және «Еуропаға тән ядролық қуат» туралы талқылай бастады. Бұл НАТО-ның Еуропадағы ақыры ма?» деп сұрады.

Столтенберг бұл сұраққа былай жауап берді: "Мен еуропалық одақтастардың қорғанысқа көбірек инвестиция салуын құптаймын. НАТО көптеген жылдар бойы бұған шақырып келеді. НАТО сондай-ақ еуропалық одақтастарын жоғары деңгейдегі мүмкіндіктерге көбірек инвестициялауға, жоғары дайындық деңгейінде күшке ие болуға шақырды. Қазір еуропалық одақтастар жауап беріп жатыр, бірақ бұл НАТО-ға балама емес. Бұл шын мәнінде НАТО-ны нығайтудың жолы. Біз Еуропаны Солтүстік Америкадан бөлуге тырысып жатқанымызды көрсететін ешбір әдіске жүгінбеуіміз керек".

Еуроодаққа мүше емес одақтастардың НАТО-ның қорғаныс шығынындағы үлесі 80 пайыз екеніне назар аударған Столтенберг «Бұл тек ресурстармен ғана емес, географиямен де байланысты. Оңтүстікке қарасаңыз Түркия бар. Еуроодаққа мүше емес. Бірақ  Түркия біздің оңтүстік қанатымыз үшін маңызды» деді.

Столтенберг солтүстікте Норвегия мен Исландия сияқты елдердің бар екенін және олар ірі әскери держава болмаса да, трансатлантикалық байланыс тұрғысынан маңызды екенін, ал АҚШ, Канада және Ұлыбританияның да ЕО-ға мүше емес екенін, бірақ Еуропаның қауіпсіздігі үшін маңызды екенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар