Президент Ердоған Мысырда

Президент Ердоғанды ​​әс-Сиси ресми рәсіммен қарсы алды.

2102382
Президент Ердоған Мысырда

Бүгін 12 жылдан кейін Президент Режеп Тайып Ердоған Мысырға ресми сапармен барды.

Президент Ердоғанды ​​ел астанасы Каирдегі Иттихадия сарайында Мысыр Президенті Абдель Фаттах әс-Сиси ресми рәсіммен қарсы алды.

Ердоған мен Сиси қол алысып, суретке түсті.

Екі ел делегация мүшелері таныстырылғаннан кейін екіжақты және делегация аралық кездесулер басталды. Кездесудің негізгі күн тәртібі Түркия мен Мысыр арасындағы қарым-қатынастарды дамыту болмақ.

Жоғары деңгейдегі екіжақты ынтымақтастық тетіктерін жандандыру аясында басылатын қадамдар талқыланатын кездесуде сауда, қорғаныс, энергетика және туризм сияқты әртүрлі салалардағы мүмкіндіктер қарастырылады.

Кездесуде Израильдің Палестинаға жасаған шабуылдары да қолға алынады.



Ұқсас жаңалықтар