Президент Ердоған террормен күрес тақырыбына тоқталды

Ердоған: "Түркия оңтүстік шекараларында «террористан» құрылуына ешқандай рұқсат бермейтінін мәлімдеді".

2101429
Президент Ердоған террормен күрес тақырыбына тоқталды

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның оңтүстік шекараларында «террористан» құрылуына ешқандай рұқсат бермейтінін мәлімдеді.

Ердоған Президенттік сарайдағы Министрлер кабинеті отырысының артынан жасаған мәлімдемеде экономика, оқу-білім, терроризммен күрес және сыртқы саясаттан бастап, көптеген маңызды мәселені егжей-тегжейлі талқылағандарын атап көрсетті.

Шекара аралық операцияларды жан-жақты талқылағандарын атап көрсеткен Ердоған Түркияның «террорды көзінде жою» стратегиясымен бөлшектеуші террор ұйымын тар ö3h аймақта шектегенін білдірді.

Сепаратист ұйымның өмірін ұзартқан басты фактордың кейбір одақтастар мен Ирактың солтүстігіндегі кейбір құрылымдардың террористтерге берген қолдау екенін атап көрсеткен Ердоған «Түркия әрине Ирактың аумақтық тұтастығы мен егемендігін құрметтейді. Ирактың террорға қарсы күресін шын жүректен қолдаймыз. Ирактық бауырларымыздан күтетініміз Ирак жерлерінің елімізге қарсы лаңкестік әрекеттер үшін база ретінде пайдаланылуына жол бермеуі» деді.

Терроризмді жоюдың Иракпен бірге жүзеге асырылуы жоспарланған «Даму жолы» жобасы үшін де маңызды екенін атап көрсеткен Президент «Түркия оңтүстік шекараларында «террористан» құрылуына ешқандай рұқсат бермейді. Террор ұйымы мүшелері қай жерде болса сол жерде көзін құртуды, осы мақсатта құрылатын инфрақұрылымдарды қиратуды жалғастырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар