SWP қоры түрік қорғаныс өнеркәсібін мақтады

Сараптамада түрік қорғаныс өнеркәсібінің соңғы онжылдықта қарқынды дамығаны айтылды.

2100489
SWP қоры түрік қорғаныс өнеркәсібін мақтады

Неміс сараптама орталығы Ғылым және саясат қоры түрік қорғаныс өнеркәсібін мақтады.

Неміс сараптама орталығы Ғылым және саясат қоры (SWP) Түркияның жаһандық қару-жарақ экспорттаушысы болу жолында ілгерілегенін  хабарлады.

SWP-тің «Түркия жаһандық қару экспорттаушысы болу жолында» атты талдауында түрік қорғаныс өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру аясында стратегиялық қайта құрылымдауы қарастырылды.

Сараптамада түрік қорғаныс өнеркәсібі соңғы онжылдықта қарқынды дамып, өнімдердің әскери операциялық мүмкіндіктерін қайта-қайта дәлелдегені және түрік фирмасы «Bayraktar TB2»-нің ұшқышсыз әуе аппараттарының  көптеген елдерге экспортталғаны атап өтілді. Бұл Түркияның қорғаныс саясатында жаңа дәуір басталғанының ең айқын белгісі екені айтылды.



Ұқсас жаңалықтар