Күчүкчекмедже шабуылдаушысы ұсталды

Бұл туралы мәлімдемені президент Режеп Тайып Ердоған мәлімдеме жасады.

2100674
Күчүкчекмедже шабуылдаушысы ұсталды

Әділет және даму партиясының Стамбул Күчүкчекмедже аудан әкімі үміткері Азиз Йениайдың сайлау науқаны кезінде жасалған қарулы шабуылдың күдіктісі ұсталды.

Бұл туралы мәлімдемені президент Режеп Тайып Ердоған мәлімдеме жасады.

Әділет және даму партиясының төрағасы Ердоған Текирдағда партиясының митингінде халыққа үн қатты.

Ердоған партиясының Күчүкчекмедже аудан әкімі кандидаты Азиз Йениайдың сайлау науқаны кезінде жасалған қарулы шабуылға қатысты тергеудің тыңғылықты түрде жалғасып жатқанын айтты.

Шабуылдаушының ұсталғанын жариялаған Президент «Түркияның сенімсіз ортаға тартылуына жол бермейміз» деді.

Кеше Әділет және даму партиясының әкімдікке кандидаты Азиз Йениай Күчүкчекмедже ауданында сайлау науқанын жүргізіп жатқан кезде ұзын ұңғылы қару және тапаншадан оқ атылған еді.

Бір адамның ауыр жарақат алған шабуылынан кейін полиция оқиғаға қатысы бар адамдарды ұстау үшін операция бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар