Түркияның тұңғыш ғарышкері ғарыштан оралды

«Axiom Space» компаниясы Жерге оралу процесін тікелей эфирде  көрсетті.

2100277
Түркияның тұңғыш ғарышкері ғарыштан оралды

Түркияның тұңғыш ғарышкері Алпер Гезеравжы Жерге оралды.

«Axiom-3» экипажын тасыған “Dragon» капсуласы АҚШ-тың Флорида жағалауында мұхитқа қонды.

«Axiom Space» компаниясы  «Ax-3» экипажының Халықаралық ғарыш станциясынан  Жерге оралу процесін тікелей эфирде  көрсетті.

Экипаж ғарыш стансасынан 7 ақпан күні жолға шыққан болатын.



Ұқсас жаңалықтар