ТИКА-ның Солтүстік Македонияға жәрдемі жалғасуда

ТИКА-ның Солтүстік Македония Конституциялық сотына техникалық құрал-жабдықтар сыйлады.

2100000
ТИКА-ның Солтүстік Македонияға жәрдемі жалғасуда

Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (ТИКА) Солтүстік Македония Конституциялық сотына техникалық құрал-жабдықтар сыйлады.

Сыйға тарту  рәсіміне Солтүстік Македония Конституциялық сотының төрағасы Добрила Кацарска мен ТИКА Скопье координаторы Мехмет Байрак, сондай-ақ Конституциялық сот пен ТИКА өкілдері қатысты.

Солтүстік Македония Конституциялық сотының төрағасы Добрила Кацарска ТИКА-ның Конституциялық сотқа ұзақ жылдар бойы көмектесіп келе жатқанын білдіріп, «Бүгін ТИКА сотқа 10 компьютер мен 10 принтер сыйлады. Бұл біз үшін үлкен көмек» деді.

Бұл тартудың  ТИКА тарапынан жасалған алғашқы тарту емес екенін еске салған Кацарска сот ғимаратындағы түрлі жиналыстар үшін пайдаланылатын залдың жөндеу жұмыстары мен жабдықтарының да ТИКА тарапынан қамтылғанын атап өтті.

TИKA Скопье координаторы Мехмет Байрак та ТИКА-ның 2005 жылдан бері Солтүстік Македонияда әртүрлі салада көптеген жобаны жүзеге асырғанына тоқталды.

Байрак осы жобалар аясында елдегі мемлекеттік мекемелер және азаматтық ұйымдармен ынтымақтастықты нығайтуға мән бергендерін  білдірді.



Ұқсас жаңалықтар