Куртулмуш Солтүстік Македонияның Әділет министрін қабылдады

Нуман Куртулмуш Солтүстік Македонияның Әділет министрі Кренар Ллога мен бірге келген делегацияны қабылдады.

2099948
Куртулмуш Солтүстік Македонияның Әділет министрін қабылдады

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Нуман Куртулмуш Солтүстік Македонияның Әділет министрі Кренар Ллога мен бірге келген делегацияны қабылдады.

Ел астанасы Анкарада Мәжілісте өткен қабылдауда Балқандағы бейбітшілік пен қауіпсіздік, екіжақты және парламентаралық байланыстар, өзекті аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды.

Қазіргі әлемнің жағдайында Балқандағы тұрақтылықтың тек осы жердегі елдерге ғана емес, аймақтағы тыныштыққа да әсер ететін маңызды мәселе екеніне назар аударған Куртулмуш Түркия ретінде Балқан елдерімен қарым-қатынастардағы ең негізгі түйіннің сенім мен тұрақтылықты сақтау екенін түсіндірді.

Саяси келіспеушіліктердің тез шешілуінің аймақ үшін өмірлік маңызы бар екенін білдірген Куртулмуш аймақтағы шиеленіс пен қақтығыстардың мұндағы әрбір елді әлдеқайда сезімтал түйінге әкелгенін баяндады.

Куртулмуш Ресей мен Украина арасындағы соғыстың ең алдымен Балқан жағрафиясына әсер еткенін, сондықтан сенім мен тұрақтылық мәселесіне басымдық беру керектігін және мәселелерді бейбіт келіссөздермен, сондай-ақ  өзара келісім арқылы шешу қағидасынан ешқашан ауытқымау керектігін атап көрсетті.

Анкарада өте сәтті кездесулер өткізгендерін айтқан Ллога Македонияны күшейту үшін Түркияның сот жүйесіндегі табыстарынан пайдаланатындарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар