Түрік әскерлері Косово шекарасындағы міндеттерін жалғастыруда

Түрік әскерлері Косово мен Сербия арасындағы шекаралық аймақта қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін патрульдік жұмыстарын жалғастыруда.

2098698
Түрік әскерлері Косово шекарасындағы міндеттерін жалғастыруда

НАТО-ның Косоводағы Бейбітшілік күштері (KБК) құрамында қызмет ететін түрік әскерлері Косово мен Сербия арасындағы шекаралық аймақта қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін патрульдік жұмыстарын жалғастыруда.

Косово мен Сербия шекарасындағы аймақты күзетіп жүрген түрік сарбаздарының фотолары КБК әлеуметтік медиа аккаунтында жарияланды.

Хабарламада KБК-нің Косоводағы барлық қауымдастықтар үшін қауіпсіз ортаны және қозғалыс еркіндігін қамтамасыз ету бойынша өз міндетін толығымен орындауды жалғастырып жатқаны атап өтілді.

24 қыркүйекте Косовоның солтүстігінде орын алған және 1 Косово полициясының қазасына әкелген шабуылды жасаған қарулы серб тобы аймақтағы таулы жолдарды пайдалану арқылы елге кіріп-шығуға мүмкіндік алды.



Ұқсас жаңалықтар