Ирактың солтүстігінде 1 әскер шейіт болды

Ұлттық Қорғаныс министрлігі 1 әсердің шейіт болып, 2 сарбаздың жараланғанын білдірді.

2097084
Ирактың солтүстігінде 1 әскер шейіт болды

Ирактың солтүстігіндегі операция аймағында бөлшектеуші террор ұйымы жасаған шабуылда бір сарбаз шейіт болып, 2 сарбаз жараланды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде Ирактың солтүстігіндегі операция аймағында террористтер жасаған шабуылдың салдарынан қатардағы әскер, сержант Кадир Дингилдің шейіт болғаны және 2 әскердің жараланғаны білдірілді.

Жаралы әскерлердің дереу ауруханаға жеткізілгені атап көрсетілген мәлімдемеде «Бізді қатты қайғыртқан осы оқиғада көз жұмған шейітімізге Алла рақым етсін. Марқұмның отбасына, Түрік Қарулы күштері мен халқымызға көңіл айтамыз және жаралы әскерлердің тез жазылып кетуіне тілектеспіз» делінді.



Ұқсас жаңалықтар