Ердоған мен Ульф Кристерссон телефон арқылы сөйлесті

Коммуникация басқармасы әлеуметтік желідегі аккаунтынан тақырып туралы хабарлама жасады.

2096960
Ердоған мен Ульф Кристерссон телефон арқылы сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссонмен телефон арқылы сөйлесті.

Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасының әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасалған хабарламаға қарағанда әңгіме барысында Швецияның НАТО-ға мүшелік процесі, терроризммен күрес, Түркия-Швеция қарым-қатынастары, аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды.

Президент Ердоған Түркияның НАТО-ға мүшелігінен кейін Швецияның одақтастық рухына сәйкес үштік меморандумнан туындаған міндеттемелерін орындайтынына сенетінін білдірді.

Әңгіме барысында президент Ердоған екі елдің қауіпсіздік саласында ынтымақтастық механизмін іске қосуы керектігін айтып, Швецияның террормен күресте Түркияға қажетті қолдауды көрсетуінің маңызды екенін жеткізді.

 



Ұқсас жаңалықтар