Путиннің Түркия сапары

Песков Путиннің осы айда жоспарланған Түркия сапарына байланысты мәлімдеме жасады.

2096856
Путиннің Түркия сапары

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Президент Владимир Путиннің Түркияға сапары кезінде экономикалық және сауда қарым-қатынастарымен қатар Украина секілді аймақтық мәселелердің де талқыланатынын айтты.

Дмитрий Песков ел астанасы Мәскеуде журналистерге Путиннің осы айда жоспарланған Түркия сапарына байланысты мәлімдеме жасады.

Песков сапар барысында кең ауқымды мәселелердің талқыланатынын айтып,  "Әрине, ең алдымен Ресей-Түркия екіжақты қарым-қатынастары және біздің сауда-экономикалық ынтымақтастығымыз қолға алынады. Сонымен бірге аймақтық мәселелер, соның ішінде Украина да талқыланады" деді.

Түркия мен Ресей арасындағы сауда байланыстарына тоқталған Песков «Түркия бұл мәселеде өте принципті және тәуелсіз ұстаным ұстанған санаулы елдердің қатарында. Бізбен сауда және экономикалық ынтымақтастықты дамытуды жалғастыруда» деді.

Кремльдің сыртқы саясат кеңесшісі Юрий Ушаков 29 қаңтарда жасаған мәлімдемесінде Путиннің ақпан айындағы Түркия сапарына дайындықтың жалғасып жатқанын айтқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар