Президент Ердоған Нигер премьер-министрін қабылдады

Қабылдауға Сыртқы істер министрі Хакан Фидан мен Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер де қатысты.

2096434
Президент Ердоған Нигер премьер-министрін қабылдады

Президент Режеп Тайып Ердоған Нигер премьер-министрі және Экономика-қаржы министрі Али Махамане Ламин Зейнені қабылдады.

Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапар аясында келген Ламин Зейне Президенттік сарайда мемлекеттік рәсіммен қарсы алынды.

Президент Ердоған кейін Ламин Зейне басшылық жасаған делегацияны қабылдады.

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан мен Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер де қатысқан қабылдаудан кейін президент Ердоған мен премьер-министр Зейне жұмыс кешінде бас қосты.



Ұқсас жаңалықтар