Сыртқы істер министрі Швеция және Түрікменстан Сыртқы істер министрлерімен сөйлесті

Министрлер жан-жақты қатынастарды қолға алды.

2096364
Сыртқы істер министрі  Швеция  және Түрікменстан Сыртқы істер министрлерімен  сөйлесті

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Швеция Сыртқы істер министрі Тобиас Биллстрем және Түрікменстан Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен сөйлесті.

Дипломатиялық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге қарағанда Фидан Швеция Сыртқы істер министрі Биллстрем және Түрікменстан Сыртқы істер министрі Мередовпен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме  барысында Фидан мен швед әріптесі Швецияның НАТО-ға мүшелік үдерісін, Түркия-Швеция-Финляндия және Түркия-Еуропа Одағы қарым-қатынастары арасындағы Тұрақты бірлескен механизмнің келесі отырыстарына дайындықты талқылады.

Сонымен қатар министр Фидан мен  Түрікменстан Сыртқы істер министрі елдер арасындағы барлық саладағы, әсіресе энергетика мен азаматтық авиациядағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға, сондай-ақ көпжақты платформалардағы ынтымақтастық мүмкіндіктеріне назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар