Сыртқы істер министрі Болгарияда байланыстарын жалғастырды

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Болгарияға барды.

2095387
Сыртқы істер министрі Болгарияда байланыстарын жалғастырды

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Болгарияның бас қаласы Софияда президент Румен Радев тарапынан қабылданды.

Министрліктің «Х» әлеуметтік желісіндегі аккаунтынан жасалған жазбаша мәлімдемеде «Министріміз Хакан Фиданды Болгария президенті Румен Радев Софияда қабылдады» делінді.

Министрліктің тағы бір хабарламасында Фиданның Болгария премьер-министрі Денковпен де кездескені айтылды.

Министр Фидан Софияда кездескен Болгарияның Бас мүфтиі Мұстафа Хажымен бірге «Қажы Сейфулла Эфенди мешітін» де аралады.



Ұқсас жаңалықтар