Мицотакис Түркияның қорғаныс өнеркәсібінің күшті екенін айтты

Кириакос Мицотакис «Түркия өте маңызды қорғаныс өнеркәсібі экспортына ие» деді.

2095400
Мицотакис Түркияның қорғаныс өнеркәсібінің күшті екенін айтты

Грекияның премьер-министрі Кириакос Мицотакис «Түркия өте маңызды қорғаныс өнеркәсібі экспортына ие» деді.

Кириакос Мицотакис өз елінде хабар тарататын «SKAI FM» радиосына күн тәртіпке байланысты сұхбат берді.

Елінің Америка Құрама Штаттарынан (АҚШ) F-35 сатып алу талабына Вашингтонның оң көзбен қарағанын түсіндірген  Мицотакис АҚШ-тың оларға қосымша қорғаныс материалдары бағдарламасы аясында кейбір әскери материалдарды да тегін бере алатынына назар аударды.

Журналисттердің Түркияның кейбір қару-жарақтарды өзі өндіретінін еске салуына байланысты Мицотакис «Түркия өте маңызды  қорғаныс өнеркәсібі экспортына ие. Керісінше біз бұрынғы кемшіліктерді толықтыруға тырысудамыз» деді.

Грекия премьер-министрі Мицотакис Түркиямен желтоқсан айында қол қойылған «Достық қарым-қатынас және тату көршілік туралы Афины декларациясының» екіжақты қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру үдерісіне әкелгенін айтып, мамыр айында бас қала Анкараға баруды жоспарлағанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар