2023 жылы 923 террорист залалсыздандырылды

Ішкі істер министрі Али Йерликая PKK-ға бағытталған операцияларда 923 террористтің залалсыздандырылғанын хабарлады.

2095015
2023 жылы 923 террорист залалсыздандырылды

Ішкі істер министрі Али Йерликая өткен жылы бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға бағытталған операцияларда 923 террористтің залалсыздандырылғанын хабарлады.

Министр Йерликая әлеуметтік желідегі парақшасында жасаған мәлімдемесінде 2023 жылы барлық террористік ұйымдарға қарсы операциялардың ұйымдастырылғанын және операциялардың жалғастырылғанын айтты.

Елдің береке-бірлігіне  қауіп төндіретін опасыздарды жоятындарын түсіндірген Йерликая терроризммен күрестің соңғы террорист залалсыздандырылғанға дейін  табандылықпен жалғасатынын баса айтты.

Йерликая «Еліміздің тыныштығын бұзуға тырысатындарға, террористтерге мен олардың серіктестеріне қарсы күрестерімізді береке-бірлік ішінде жалғастырамыз» деді.

Министр Ерликаяның мәлімдемесіне қарағанда 2023 жылдың 1 қаңтары мен 31 желтоқсан аралығында 3 мың 911 қала және  19 мың 682 ауылдық аймақта операция жүргізілді. Осы операцияларда 923 террорист залалсыздандырылды.

Фетуллахшы террор ұйымына қарсы 6 мың 775 операция жасалды және  9 мың 639 күдікті ұсталды.

ДАИШ-ке қарсы 1500 операция жасалып, 2800 күдікті ұсталды.



Ұқсас жаңалықтар