Ердоған Стамбулда журналистердің сұрақтарына жауап берді

Ердоған Швецияның НАТО-ға мүшелігін мақұлдағандарын және АҚШ-тан F-16 соғыс ұшақтарының сатып алуына байланысты оң нәтиже күткендерін айтты.

2093960
Ердоған Стамбулда журналистердің сұрақтарына жауап берді

Президент Режеп Тайып Ердоған Швецияның НАТО-ға мүшелігін мақұлдағандарын және АҚШ-тан F-16 соғыс ұшақтарының сатып алуына байланысты оң нәтиже күткендерін айтты.

Президент Ердоған Стамбулда журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Ердоған Швецияның НАТО-ға мүшелігін бекіту үдерісінің Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі тарапынан қабылданғанын және бұл шешімге өзінің қол қойғанын атап көрсетті.

Президент Ердоған АҚШ президенті Джо Байденнің де Түркияға F-16 ұшақтарының жеткізілуіне байланысты парламентіне қажетті нұсқаулар жібергенін айтты.

Бұл қадамдардың Түркияға F-16 жіберу процесін қамтамасыз етеді деп үміттенетінін білдірген Ердоған Сыртқы істер министрі Хакан Фиданның бұл процесті мұқият қадағалап отырғанын білдірді.

Швецияның НАТО мүшелігіне берілген мақұлдаудың Түркияның батысқа ұстанымы тұрғысынан дұрыс бір қадам екенін  айтқан Президент «Біз бірдей табандылықпен жолымызды жалғастырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар