Ердоған Швецияның НАТО-ға қосылу хаттамасын бекітті

Ердоған Швецияның НАТО-ға қосылу хаттамасына байланысты президенттік  жарлыққа қол қойып, тиісті хаттаманы бекітті.

2093588
Ердоған Швецияның НАТО-ға қосылу хаттамасын бекітті

Президент Режеп Тайып Ердоған Швецияның НАТО-ға қосылу хаттамасына байланысты президенттік  жарлыққа қол қойып, тиісті хаттаманы бекітті.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасының мәлімдемесінде «Президентіміз Режеп Тайып Ердоған Швецияның Солтүстік Атлантикалық келісіміне  қосылуына байланысты Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі қабылдаған заңды жариялауға шешім қабылдады және Швецияның НАТО-ға қосылу хаттамасын бекітті» делінді.

Хаттаманы бекіту туралы шешім де Ресми газетте жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар