АҚШ Швецияның НАТО-ға қосылуына риза

Блинкен «Түркия президенті Ердоғанның Швецияның НАТО-ға қосылу хаттамасын бекітуін құптаймыз» деді.

2093746
АҚШ Швецияның НАТО-ға қосылуына риза

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) президент Режеп Тайып Ердоғанның Швецияның НАТО-ға қосылу хаттамасы туралы шешімге қол қойғанына риза болғандарын жариялады.

Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен өзінің «X» әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасады.

Блинкен «Түркия президенті Ердоғанның Швецияның НАТО-ға қосылу хаттамасын бекітуін құптаймыз» деді.

Блинкен Швецияның НАТО-ға қосылуы туралы құжаттардың Вашингтонға жетуін және Швецияның НАТО-ның 32-ші болуын асыға күтетіндерін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар