Түрік ғарышкер тікелей эфирде сұрақтарға жауап берді

«Axiom Space» компаниясы тұңғыш түрік ғарышкер Алпер Гезеравжымен тікелей эфирде сөйлесті.

2093440
Түрік ғарышкер тікелей эфирде сұрақтарға жауап берді

«Axiom Space» компаниясы Халықаралық ғарыш стансасындағы тұңғыш түрік ғарышкер Алпер Гезеравжымен тікелей эфирде сөйлесті.

Америка Құрама Штаттарының Техас штатындағы компания базасынан орбита лабораториясындағы ғарышкерлермен байланысқа өткен Сония Гаванкар Маккэй «Ax-3» қолбасшысы Майкл Лопез Алегриа және түрік ғарышкер Гезеравжымен сөйлесті.

Маккэйдің «қанатсыз ұшу қандай сезім оятады?» деген сұрағына Гезеравжы «Қанат қажет етпестен және ешбір шектемесіз, барлық жерді қолдану - адам сенгісіз» деп жауап берді.  

«Жер шарында көрген жеріңіз қай жер?» деп сұраған Маккэйге түрік ғарышкер «Индонезияда.  Мұхитта кейбір аралдар болды.  Өте сұлу. Тамаша мұхиттың ортасында жалтырап жатты. Төңірекке тараған аппақ бұлттармен бірге керемет түс. Адам сенгісіз сезім» деді.

Маккэйдің «Алпер, ғарышта жұмысты бастадың ба?» деген сұрағына «Иә, бастап кеттім. Дайындалып келген едік» деп жауап берді.

Түрік ғарышкер бір сұраққа орай «Түрік мәдениетінің кейбір символдарын ала келдім.  Отбасымның суреттері мен елімнің туын алып келдім» деді.



Ұқсас жаңалықтар