Реиси Иран мен Түркия қарым-қатынастарына тоқталды

Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Реиси Президенттік кешенде ұйымдастырылған ортақ баспасөз мәслихатында сөз сөйледі.

2093086
Реиси Иран мен Түркия қарым-қатынастарына тоқталды

Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Реиси Түркия мен Иранның Палестинаға қолдау көрсету және Палестина халқының құқықтарын қалпына келтіру туралы келісімге келгенін айтты.

Ресми сапармен бас қала Анкараға барған Ибрахим Реиси Түркия-Иран Жоғары деңгейдегі ынтымақтастық кеңесінің 8-ші отырысынан кейін Президент Режеп Тайып Ердоғанмен Президенттік кешенде ұйымдастырылған ортақ баспасөз мәслихатында сөз сөйледі.

Түркия мен Иранның Палестина мәселесінде ортақ көзқараста екенін түсіндірген Реиси «Президент Ердоғанмен Палестина мәселесі және Палестина халқының құқықтары туралы ортақ пікірдеміз» деді.

Түрік халқы мен үкіметінің Израильдің Газадағы шабуылдарына қарсы көзқарасына риза екенін баяндаған  Реиси «Түркиямен ұзақ жылдар бойы жақсы қарым-қатынастарымыз бар және бұл қарым-қатынастарды бұдан былай жоғары деңгейге көтеруді қалаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар