Президент Ердоған мен Реиси бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді

Ердоған әріптесі Реисимен екі ел арасында өзара ортақ мәселелерді талқылағандарын мәлімдеді.

2093120
Президент Ердоған мен Реиси бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді

Президент Режеп Тайып Ердоған Иран президенті Ибрагим Реисимен кездесуіне қатысты «Елдеріміз бен аймағымыздың қауіпсіздігін нысанаға алған (террор ұйымдары) PKK/PYD/YPG және PJAK-қа қарсы ынтымақтастығымызды одан әрі күшейтілуінің маңыздылығына тоқталдық» деді.

Президент Ердоған ресми іс-сапармен бас қала Анкараға барған ирандық әріптесі Ибрахим Реисимен кездесуінен кейін бірлескен баспасөз мәслихатында мәлімдеме жасады.

«Көршіміз Иранмен өзара сенім мен ортақ мүдде негізінде қарым-қатынасымызды тереңдетуге мән береміз. Елдеріміз бен аймағымыздың қауіпсіздігін нысанаға алған PKK/PYD/YPG және PJAK-қа қарсы Иранмен ынтымақтастығымызды одан әрі нығайтудың маңыздылығына тоқталдық» деді.

Ердоған «3 қаңтар күні Кирманда орын алған жантүршігерлік лаңкестік әрекетті айыптаймын. Түркияның терроризммен күресте Иранның жанында екенін айтқым келеді» деді.

Президент 7 қазан күнінен бері жалғасып келе жатқан Израиль-Палестина қақтығысына назар аударған «Израильдің Газа секторына қарсы адамгершілікке жатпайтын шабуылдарын тоқтату, әділ және тұрақты бейбітшілік орнату үшін шұғыл қадамдар жасау қажеттігін талқыладық. Өңіріміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығына одан әрі қатер төндіретін қадамдарды болдырмаудың маңыздылығы туралы келісті» деді.

Ердоған мен Реиси кейін Түркия-Иран іскерлік форумына қатысты.

Президент осында сөйлеген сөзінде «Екі аймақтық держава Түркия мен Иран даму мен тұрақтылық үшін ынтымақтастықты арттыруы керек. Иранмен 30 миллиард долларлық сауда мақсатына жетуге бел байладық. Көршіміз Иранмен экономикалық және сауда-саттық қарым-қатынасымызды санкцияларға байланысты тоқтатқан жоқпыз және алдағы уақытта да үзбейміз. Иранмен жаңа шекара қақпаларын ашу күн тәртібімізде. Шекаралас қалаларымыздың экономикалық дамуын арттыруға бағытталған шекаралық сауда орталықтары бойынша жұмыстар жалғасуда. Біздің шекаралас қалаларымыздың экономикалық дамуын арттыруға бағытталған шекаралық сауда орталықтары бойынша жұмыстар жалғасуда» деді.

Екінші жағынан екі ел делегацияларының қатысуымен өткен Түркия-Иран Жоғары деңгейлі ынтымақтастық кеңесінің 8-ші отырысынан кейін тараптар арасында 10 келісім-шартқа қол қойылды.



Ұқсас жаңалықтар