Ердоған Израильдің Палестина халқына қарсы жасаған қылмысына тоқталды

Ердоған Түркияның адамзатқа қарсы қылмыс жасаған Израильдің лайықты жазасын алуы үшін барынша күш салатынын айтты.

2093479
Ердоған Израильдің Палестина халқына қарсы жасаған қылмысына тоқталды

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның Израильдің езілген Палестина халқына қарсы жасаған геноцид қылмысы үшін лайықты жазасын алуы үшін барынша күш салатынын айтты.

Президент Ердоған Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Сирил Рамафосамен телефон арқылы сөйлесті.

Ердоғанның Рамафосамен әңгімесінде Израильдің Палестинаға шабуылдары, Түркия мен Оңтүстік Африка Республикасы арасындағы екіжақты қарым-қатынастар, аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды.

Әңгіме барасында Президент Ердоған Оңтүстік Африканың Палестина халқына жасалған геноцид қылмысының жазалануы үшін Израильге қарсы Халықаралық сотқа берген ісіне риза екенін білдірді.

Президент Ердоған Түркияның адамзатқа қарсы қылмыс жасаған Израильдің лайықты жазасын алуы үшін барынша күш салатынын айтты.



Ұқсас жаңалықтар