Калын Ирак президенті және премьер-министрімен бас қосты

Кездесу барысында терроризммен күрестен бастап бір қатар тақырыптар талқыланды.

2092345
Калын Ирак президенті және премьер-министрімен бас қосты

Ұлттық барлау ұйымы (ҰБҰ) басшысы Ибрахим Калын Ирак президенті Абдуллатиф Решид және премьер-министр Мұхаммед Шийа эс-Суданимен бас қосты.

Қауіпсіздік дереккөздері берген мәліметке қарағанда Калын Иракқа сапары барысында Ирак президенті Решид және Ирак премьер-министрі Шийа әл-Суданиге қоса, шиіт пен сүннит топтар және түрікмен өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында терроризммен күрес, террор ұйымы PKK-ның қаупі және PKK-мен күресте басылуы мүмкін ортақ қадамдар, қауіпсіздік ынтымақтастығы, ДАИШ-пен күресте ынтымақтастықты жалғастыру сынды тақырыптар талқыланды.

Сонымен қатар кездесу барысында қауіпсіздік және экономикалық ынтымақтастық саласы ретінде «Даму жолы жобасы», Газа секторындағы соғыс және Ирак пен аймақтағы елдерге қатысты көріністері де күн тәртіпке келді.



Ұқсас жаңалықтар