Түрік ғарышкер Президент Ердоғанмен сөйлесті

"Ұлтқа шабыт болдың" деді.

2091922
Түрік ғарышкер Президент Ердоғанмен сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған ғарышкен Алпер Гезерважыға ұлтқа шабыт болғанын айтты.

Түркия алғашқы ғарышкерінің сапарын жіті қадағалап отыр.

Гезеравжы ғарыш сапары шеңберінде Халықаралық ғарыш стансасынан Түркиямен кемінде жеті рет байланысқа өтеді. Осы аяда алғашқы байланыс Президент Ердоғанмен жүзеге асырылды.

Президентпен сөйлескен кезде ғарышкер «Жоспарлы түрде тәжірибелерді жасай бастадым. Осындағы міндетім барысында барлық тәжірибелерді ақтап, қорытындысын өзіммен бірге елге әкелу үшін тіркеймін. Халықаралық ғарыш стансасындағы ортаға тез үйреністім» деді.

Ердоған да «Ұлттық ғарыш бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылған осы маңызды міндет арқылы балаларымыз және жастарымызға үлкен шабыт болдың» деді.



Ұқсас жаңалықтар