Ердоған еуропалық түріктерді бірлікте әрекет етуге шақырды

Президент Ердоған Халықаралық демократиялық одақ конгресіне бейне үндеу жолдады.

2091203
Ердоған еуропалық түріктерді бірлікте әрекет етуге шақырды

Президент Режеп Тайып Ердоған Еуропада нәсілшілдік пен исламға қарсы дұшпандық күшейіп жатқан кезде еуропалық түріктерді бірлікте әрекет етуге шақырды.

Ердоған Германияда өткен Халықаралық демократиялық одақ конгресіне бейне үндеу жолдады.

Ердоған үндеуінде «Еуропада исламофобиядан мәдени нәсілшілдікке дейін көптеген қауіп-қатер өршіп тұрған кезде, Одағымыздың басты міндеті – демократиядан ауытқымай, Еуропа түріктерінің құқықтары мен мүдделерін соңына дейін қорғау» деді.  Ердоған, бұған жету жолының осы күресті басқа түрік азаматтық ұйымдарымен бірлесе отырып, заңдылық пен тәртіп аясында жаңа медиа құралдарын пайдалану екенін айтты.

Ердоған Еуропадағы түріктердің өз елдерінің саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және ғылыми өміріне көбірек қатысуын күтетіндерін атап көрсетті.

Президент бұл мағыналы және маңызды күресте Түркия ретінде соңғы 20 жылдағыдай Еуропадағы түріктердің жанында болуды жалғастыратындарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар