«Dragon» ғарыш кемесі Флоридадағы  Кеннеди ғарыш орталығынан ұшырылды

Тұңғыш түрік ғарышкері Алпер Гезеравжы ғарыш станциясында өткізетін 14 күн ішінде 13 тәжірибе жасайды.

2091127
«Dragon» ғарыш кемесі Флоридадағы  Кеннеди ғарыш орталығынан ұшырылды

Тұңғыш түрік ғарышкері Алпер Гезеравжы мен оның 3 әріптесін ғарышқа апарған «Space X» компаниясына тиесілі «Dragon» ғарыш кемесі 19 қаңтарда Америка Құрама Штаттарының Флоридадағы  Кеннеди ғарыш орталығынан ұшырылды.

«Dragon» ғарыш кемесі шамамен 36 сағаттық ғарыш сапарынан кейін Халықаралық ғарыш станциясымен түйіседі.

Түркия уақытымен сағат 14.30-да Гезеравжы Халықаралық ғарыш станциясындағы басқа ғарышкерлер тарапынан қарсы алынады және  станциядағы әріптестеріне әкелген сыйлықтарын береді.

Қазіргі уақытта станцияда 7 ғарышкер бар: ресейлік, американдық, жапондық және даниялық.

Гезеравжы және оның командасымен бұл сан 11-ге дейін артады.

Гезеравжы ғарыш станциясында өткізетін 14 күн ішінде 13 тәжірибе жасайды.



Ұқсас жаңалықтар